ЗАО МосАгроГен Россия 4393
Фоллимаг ауылшаруашылық жануарларында жыныстық күйлеуді ынталандыру және сиырлардағы аналық бездердің гипофункциясын емдеу үшін қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозаларыҚолданар алдында құтының ішіндегісін стерильді физиологиялық ерітіндіде немесе инъекцияға арналған суда (кемінде 3 мл) ерітеді.
Жыныстық күйлеуді ынталандыру және құнарлылықты арттыру үшін препарат бір рет енгізіледі:
Сиырлардағы аналық бездердің гипофункциясын емдеу үшін Фоллимаг бір рет бұлшықет ішіне 1 басқа 900-1000 ХБ дозада енгізіледі.
Қошқарлар мен қабандардың жыныстық белсенділігін арттыру мақсатында препаратты жамбастың ішкі жағынан тері астына 1 басқа 600-800 ХБ және 1 басқа 1000-1200 ХБ дозада 3-4 күн аралықпен екі рет енгізеді.
|
+ |
- |
Препарат ақ түстен ашық қоңырға дейін кеуекті масса болып табылады, ол тұзды ерітіндіде немесе инъекцияға арналған суда жақсы ериді. Ерітіндінің жеңіл опалесценциясына жол беріледі.
Препарат гормоналды белсенділігі 1000 ХБ/құты бар сыйымдылығы 20 мл шыны сауыттарға құйылған стерильді лиофилизацияланған кеуекті масса түрінде шығарылады. Құтылар резеңке тығындармен жабылады және алюминий қалпақшалармен оралады. Өлшеп-ораудың әрбір бірлігін дайындаушы кәсіпорын, оның мекенжайы және тауар белгісі, дәрілік заттың атауы, гонадотропты белсенділігі, енгізу тәсілі, сақтау шарттары, препараттың сериясы, жарамдылық мерзімі, техникалық шарттардың белгілері, "жануарларға арналған" деген жазу, "зарарсыздандырылған" деген жазу, сәйкестікті растау туралы ақпарат көрсетіле отырып таңбалайды және қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қоса беріледі.
Препарат сақтықпен (Б тізімі) құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 20С - тан 100С-қа дейінгі температурада сақталады, сақтау шарттары сақталған кезде жарамдылық мерзімі дайындалған күннен бастап 2 жыл. Препараттың дайындалған ерітіндісін тоңазытқышта сақтап, 12 сағат бойы пайдалану керек. Дәрілік заттың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін оны пайдалануға тыйым салынады.
1 құтының құрамында: - БСГ -1000 ХБ
Фоллимаг құрамында иммуногендік ақуыздардан тазартылған бие қан сарысуының гонадотропты гормоны (БСГ) бар.
БСГ фолликулды ынталандыратын және лютеинизация белсенділігіне ие және спецификалық ерекшелікке ие емес.
Фоллимаг ауылшаруашылық жануарларының аналықтарында фолликулалардың өсуі мен дамуын ынталандырады, ал еркектерде ұрықтың интерстициальды жасушаларының қызметін, тестостерон синтезін және нәтижесінде сперматогенез мен жыныстық белсенділікті арттырады.
Жыныстық жетілуге жетпеген әлсіреген жануарларға, сондай-ақ инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтарда Фоллимагты қолдануға тыйым салынады.
Ерімейтін үлпек немесе тұнба түзетін препаратты еріту кезінде қолдануға жол берілмейді. Тығындау тұтастығы бұзылған және заттаңбасы жоқ құтыларды пайдалануға болмайды.
Жануарларға Фоллимаг препаратын қолданғаннан кейін мал өнімдерін азық-түлік мақсатында шектеусіз пайдалануға болады.